“Nur Otan” партиясы қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауалды бағдарламаларын таныстыруды жалғастыруда

0
117

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Керуен групп» ЖШС ұжымымен агитациялық кездесу өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кездесуде үміткерлердің қатарында Азамат Орынбасаров, Рүстем Әлқожа, Ақылбек Данабекұлы бой көрсетті. Кездесу барысында әрбір үміткер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” атты мақаласына қысқаша шолу жасап, пікір алмасып өтті.

“Біз азаматтарымызды “Nur Otan” партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын қолдауға және алға қойылған мақсат-міндеттерді бірге белсене атсалысуға баршаңызды шақырамыз”, – деді үміткер Ақылбек Данабекұлы.

«Агитациялық кездесуіміздің негізгі мақсаты – #NurOtan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 5 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» республикалық газетіне жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» атты мақаласын талқыладық”, – деп пікір білдіре кетті үміткер Рүстем Әлқожа.

«Nur Otan» партиясы әрқашан біздің еліміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік жаңаруын жүзеге асыруға белсенді атсалысып келеді. Бес саяси бастаманы негізге ала отырып, партия «Саяси доктрина», «Бірлік», «Тұрақтылық», «Жасампаздық» бағдарламаларын, Президентіміздің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын жүзеге асыруда. Біз «Nur Otan» партиясының арқасында қандай жетістіктерге жеттік, оның әрқайсымыз үшін не істегені туралы көп айтуға болады. Партияның мүшелерімен байланыс менің де жеке өсуіме ықпал етті», – деп атап өтті үміткер Азамат Орынбасаров.

Кездесу соңында қазіргі жағдайда шағын және орта бизнес өкілдері мен құрылыс компанияларына ерекше көңіл бөліп, нақты қолдау керектігі көтерілді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы “Nur Otan” партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.