Қазақстандық дипломаттар шетелдік сарапшыларды елдің парламенттік сайлауға дайындығы туралы хабардар етті

0
93

Қазақстанның елшіліктері дауыс беру күні жақындаған сайын шетелдік сарапшылар мен БАҚ өкілдері тарапынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтуде, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Сонымен қатар, Қазақстанның Италиядағы Елшісі Сергей Нұртаевтың онлайн-брифингі барысында жергілікті масс-медиа өкілдеріне елде өтіп жатқан демократиялық үдерістер, парламенттегі әйелдер мен жастардың өкілдігін арттыру құралдары, дауыс беру рәсімінің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың жүйелі жұмысы туралы хабардар етілді.

Қазақстанның Ирандағы Елшісі Асхат Оразбай аталған елде уақытша жүрген Қазақстан азаматтары дауыс бере алатын дипломатиялық өкілдік аумағындағы сайлау учаскесінің жұмысына дайындық туралы хабарлады.

Брифинг барысында Мәжілістің жаңартылған құрамы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламасын құқықтық сүйемелдеуді жетілдіруді жалғастыратыны, ал алдағы сайлау Қазақстанның мемлекеттің саяси институттарын одан әрі жаңғыртуға бейілділігінің айқын айғағы болатыны атап өтілді.

Брифинг барысында Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ақан Рахметуллин жергілікті БАҚ-тың, ғылыми және білім беру орталарының назарын елде жүргізіліп жатқан, оның қарышты дамуына бағытталған институционалдық өзгерістерге аударды. Іс-шараға қатысушылар, соның ішінде беделді Пәкістан университеттерінің профессорлары, сайлау қарсаңындағы Қазақстандағы саяси жағдай туралы өз ойларын ортаға салып, атап айтқанда, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды үлесін және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлік және жаһандық халықаралық процестердің белсенді қатысушысы ретіндегі Қазақстанның рөлін нығайту жөніндегі күш-жігерін атап өтті.