“Nur Otan” партиясының елордалық филиалы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда

0
131

Қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының кезекті күнін “AsiaPark” сауда, ойын-сауық орталығын аралаумен жалғастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Саудагерлермен қоса, сатып алушылармен тілдесу барысында, сауда кезінде болатын қиындықтар мен қолайсыздықтар талқыланды.

“Кездесуде орта бизнеске керекті қосымша шараларды талқыладық. “Nur Otan” партиясының атқарған және атқаратын жұмыстары жөнінде баяндап, 10 қаңтар күні сайлау учаскесіне келіп, дұрыс таңдау жасауға шақырдым. Тұрғындардың сайлауға деген көзқарасы өте жақсы”,- деді үміткер Асхат Налшыбек.

Елорданың ТОП-10 мәселесіне тоқталған үміткер Бақдаулет Жанділдаев өзінің пікірін білдірді.

“Тұрғындарды толғандыратын негізгі мәселелерді негізге ала отырып, қарапайым халыққа сайлауалды бағдарламам жайында түсіндірдім. Негізі, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау», –  деді ол. 

Өз кезегінде үміткер Талғат Мамықанов:

“Жастарға өз бизнесін ашуға көмектесу, стартаптарды іске асыруға жыл сайын 10 мың грантты қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. “Бастау» жобасы бойынша 30 мың жас адамды кәсіпкерлікке жыл сайын оқытуды қамтамасыз ету жоспарда бар”,- деп атап өтті. 

Сонымен қатар үміткер Арсланбек Мағзұм «Nur Otan» партиясы нақты істер партиясы екенін айтты.

“Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге бар күшін салуда. Бүгінгі күні партия қаланың жалпы мәселелерін қарастыратын сайлау алдындағы бағдарламаларды ұсынады. «Nur Otan» партиясы – нақты істер партиясы”,- деді ол.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау 2021 жылғы 10 қаңтарда өтеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша дауыс беру 248 ашық сайлау учаскесінде өтеді, онда 683 мың сайлаушы дауыс беретін болады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.