Elorda.info

Елордада балалардың терезеден құлап кетуі бойынша 24 оқиға тіркелді

Елордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуінің 24 дерегі тіркеліп, 3 бала қаза тапты, деп хабарлады Elorda.info қалалық Полиция департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада балалардың терезеден құлап кетуі бойынша 24 оқиға тіркелді

Терезеден құлап кетудің барлық жағдайларында балалар өздігінен терезе алдына шығып, тірек ретінде әртүрлі жиһаздарды пайдаланады. 

Москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап кеткен оқиғалар көп.  

Балалардың құлап кетуінің басым көпшілігі ересектердің терезелерді жабуды ұмытып кетуі салдарынан болып жатады. Мұндай оқиғаны алдын алу үшін балаларды үнемі бақылауда ұстау қажет.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Экономика