Elorda.info

Еліміз енді қант экспорттамайды

Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы бұйрығымен ақ қант пен құрақ шикізаты қантын сыртқа шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Elorda.info.

Еліміз енді қант экспорттамайды

Қазақстан Республикасының аумағынан қант пен шикі қантты алып шығуға 6 ай мерзімге тыйым салуды бұйырамын, - деп жазылған құжат мәтінінде.

Бұйрық 23 мамырда күшіне енеді.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл шешім туралы мәліметті Еуразия экономикалық комиссиясына хабарлаукерек.

Бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстан қант импортын 32 пайызға төмендететінін мәлім еткен еді.

Бөлісу!
жапсырмалар:

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Экономика