00:00
Астана -10oC
USD:
475.03
EUR:
517.21
RUB:
5.44
Іздеу

«79 млн теңгеден астам шығын келтірген»: Алматыда емхананың бас дәрігері сотталды

30.05.2023 | 19:00
103
Фото: ашық дереккөз

Алматыда емхананың бас дәрігері сотталды, деп хабарлады Elorda.info. 

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында емхана қызметкерлеріне қатысты аса ірі мөлшерде жымқыру арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады деген айып бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2015 жылдың сәуірі – 2022 жылдың наурызы аралығында емхананың бас дәрігері К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға бола отырып, бас бухгалтер Н. және кадрлар бөлімінің инспекторы С.-мен алдын ала қылмыстық келісім орнатқаны анықталды. Олар іс жүзінде жұмыс істемейтін 19 тұлғаны қызметке тағайындау туралы бұйрықтарды рәсімдеу жөніндегі іс-әрекеттерге басшылық еткен.

Ресми түрде рәсімделген қызметкерлердің шоттарына ай сайын еңбекақыны есептеп, аударып отырған. Кейіннен оны өз меншігіне айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

К., С., Н. құқыққа қайшы әрекеттері арқылы мемлекетке 79 млн теңгеден астам шығын келтірді.

Сот жаза тағайындау кезінде жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде олардың қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез құлықтарын ескерді. Соттылықтың болмауы, С., Н.-нің залалды ішінара өтеуі секілді жеңілдететін жағдайлар ескерілді.

С. және Н. шығынды ішінара өтеді. Олар 7 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

С.-ға 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалды. Н. 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Сот бас дәрігер К.-ға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар