Elorda.info

Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 70 адам шалдықты

747 науқас емделіп жатыр

Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияға 70 адам шалдықты

Өткен бір тәулікте Қазақстанда 60 адамнан – коронавирус, 10 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, деп хабарлады Elorda.info Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

16 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавиурстан – 584 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан - 163 (КВИ-), барлығы 747 науқас емделіп жатыр. Олардың ішінде 86 пациент стационарда, 661-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 5 адамның жағдайы ауыр;

- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Денсаулық