Елордада дауылды ескерту жарияланды

0
88

Синоптиктер 29 қазанда Нұр-Сұлтанда дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

29 қазанда түнде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 29 қазанда түнде көктайғақ күтіледі. Жел күндіз батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90%.