Home Қала тынысы Жетіген көшесі 15 қазанға дейін жартылай жабылады

Жетіген көшесі 15 қазанға дейін жартылай жабылады

0
153
Фото: astana.gov.kz

Орташа жөндеу аясында Жетіген көшесі бойымен Пушкин көшесінен Досмұхамедұлы көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 29 қыркүйектен 15 қазанға дейін автокөлік қозғалысы жартылай тоқтатылады. Бұл туралы Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қалада кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз»,– делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарламасында.