Түнгі клубтар айыппұл салынса да, санитарлыпқ талапты бұзып жатыр – тәртіп сақшысы

0
77

Есіл ауданының учаскеік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Мұрат Смағұлов сауда орталықтарына рейд барысында БАҚ өкілдеріне түнгі клубтардың айыппұлдарға қарамастан санитарлық талаптарды бұзып жатқанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Сауда, ойын-сауық орталықтарында ескерту болған жоқ. Негізінен түнгі клубтар мен мейрамханаларда санитарлық талаптарды бұзушылар көптеп кездесуде. Мысалы, түнгі клубтарда адам саны мөлшерден тыс көбірек болып шығады. Онымен қоса, түнгі клубтар түнгі сағат 23.00-ден кейін де жасырын түрде жұмыстарын жалғастыруда. Құқыққорғау органдары тексеруге барға кезде есікті іштен жауып алып, ашпайды. Сондықтан қызметкерлеріміз жұмыс формасын ауыстырып келуге мәжбүр болады немесе іштен адам сыртқа шыққанша күтуімізге тура келеді. Алайда санитарлық талапты бұзғандары анықталып, оларға айыппұл салынса да, түнгі клубтардың талапты бұзған деректері тоқталмай тұр», – деді ол.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін елордалық мониторингтік топтың қаладағы сауда, ойын-сауық орталықтарына рейд жүргізгенін, сонымен қатар елордалық кәсіпкерлерге санитарлық талапты бұзғаны үшін 166 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.