Карантин басталғаннан бері елордалық кәсіпкерлерге 166 млн теңге айыппұл салынды

0
99

Карантин басталғаннан бері елордалық кәсіпкерлерге 166 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы қаладағы сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріне рейд барысында Есіл ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы Арман Құрбанов мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бүгінде Нұр-Cұлтан қаласы бойынша 1 600-дей баянат түскен болатын. Соның 740-қа жуығына хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Айыппұл көлемі 166 млн теңгені құрады. Соның ішінде хаттаманың 150-ден астамы Есіл ауданына қарасты. Бұл әкімшілік шара карантин басталғаннан кейін қаладағы мобильдік топ құрылғаннан бері, яғни мамыр айынан бүгінге дейінгі уақытты қамтиды», – деді Арман Құрбанов тілшілерге берген сұхбатында.