Елордадағы Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір салынады

0
125
Фото: Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан
Тәуелсіздік даңғылында жаңа көпір пайда болады. Ол Тәуелсіздік сарайынан Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аумақты жалғастырады. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының көлік ағынын айтарлықтай азайтады, деп хабарлайды Елорда Инфо Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.
Жаңа көпірдің эскиздерін қалалық урбанистика орталығы әзірледі.
Көпірдің жалпы ұзындығы – 910 м, ені – 36 м, шамдардың биіктігі – 5-тен 16 метрге дейін болады. Көпір шамдары масақ түрінде жасалады. Жобаның негізгі идеясы тың жерлерді игерумен байланысты.
Фото: Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан
Көпірде орналасқан 4 бағандарды ою-өрнектермен безендіру жоспарлануда.
Көпірде тротуар және велосипед жолақтары да қарастырылған. Ол елорданың оң және сол жағалауды байланыстырады.
Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында жүргізілуде. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту үшін жаңа көпір астындағы қоғамдық кеңістік құрылады.
«Тәуелсіздік даңғылы жалғаса беретін жаңа көпір елордамыздың тарихи өткенін бейнелейді. Оның сол және оң жағалауды жалғап, әкімшілік орталықтан жаңа теміржол вокзалына дейін жол жүру уақытын қысқартып, жолаушылар ағынын жеңілдететіні маңызды», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығының басшысы
Елнар Базыкен.
Жаңа көпірдің құрылысы келесі жылға жоспарланған.
Фото: Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынан