Қоғамдық көліктерде жол ақысын кaspi.kz арқылы төлеу уақытша тоқтатылды

0
141

Kaspi.kz-те туындаған техникалық ақауларға байланысты қоғамдық көліктерде көлік кодын енгізу арқылы жүру ақысын төлеу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Kaspi.kz жүйесіндегі ақаудың жойылғандығы және жұмыстың қалпына келтірілгендігі туралы қосымша хабарлаймыз. Бүгінде жол ақысын көлік картасымен және QR-код арқылы төлеуге болады. QR кодымен немесе көлік кодын енгізу арқылы төлем үшін келесі мобильді қосымшалар қолжетімді: Homebank, Senim, Rakhmet, My Beeline, My Activ, OYBY, Plus24, SMSBUS және Astra Bus», – делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Сондай-ақ барлық байланыс операторлары арқылы 2505 қысқа нөміріне SMS жіберуге болады.