Елордада 4 қазаннан бастап №59 автобус тоқтайды

0
169
Нұр-Сұлтанда 4 қазаннан бастап №59 бағдар тоқтатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Учаскіңізді алдағы маусымға қамдап қою үшін әлі бес күніңіз бар. Әдеттегідей, келесі жылы аталған бағдар мамыр айының алғашқы күндерінен жүре бастайды», – делінген CTS компаниясының хабарламасында.
Айта кетейік, биыл №59 бағдар карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты қоғамдық көлік қатарына тек 30 мамырда қосылған еді.