Елордалық студенттері ҚР колледждерінің 100 үздік студенті қатарына енді

0
111

Мемлекет басшысының Жастар жылы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында жастардың қоғамдағы әлеуметтік рөлін арттыру мақсатында 2019 жылдан бастап «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жоба техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын құзыреттілікті арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылуға ынталандыру мақсатында колледждердің үздік студенттерін тануға, көтермелеуге және ілгерілетуге бағытталған.

Жоба 3 кезеңнен тұрады: колледж, аймақ және республика деңгейінде студенттерді іріктеу.

Студенттерді іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді: студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшысы;

WorldSkills аймақтық, Ұлттық чемпионаттарының және басқа да кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы;

ғылыми конференциялардың қатысушысы немесе олимпиадалардың, түрлі конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпазы;

шығармашылық ұжымдардың өкілі;

мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін бағдарламалар мен қызмет бағыттарының белсенді қатысушысы.

Нәтижесінде 30 студент, қалалық деңгейдегі жеңімпаздар республикалық жобаға қатысты.

Республикалық кезеңде Нұр-Сұлтан қаласының алты студент (Клименко Алина, Айтуған Мөлдір, Ильясова Индира, Жақыпбек Райымбек, Жакенова Меруерт, Құрманаева Әсел) жеңімпаз атанып, «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» құрамына енді.