Есіл ауданында ардагерлерге арналған 17-шағын орталық ашылды

0
143

Қарттар күні қарсаңында Есіл ауданында ардагерлерге арналған 17-шағын орталық ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтын – Ғасыр» тұрғын үй кешеніндегі «Бәйтерек» шағын орталығының ашылуы Қорғалжын тас жолы, 6 мекен-жайында өтті.

Іс-шараға Есіл ауданы әкімінің орынбасары Д.Қыдырбек-Ұлы, әлеуметтік сала бөлімінің басшысы К.Саркенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Атығаева қатысты.

Шағын орталықтың бөлмесі ыңғайлы, жиһазбен және кездесулер ұйымдастыруға, жеке мәселелер бойынша қабылдауға, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізуге, сондай-ақ көңіл көтеруге арналған жабдықтармен жабдықталған. Жайлы атмосфера жиналғандардың бәрін қуантты.

Жаңа орталыққа картиналар, кітаптар, шахмат, дойбы, домино және тағы басқа сыйлықтар тарту етілді.

Енді ардагерлер үстел ойындарын ойнауға, мерзімді басылымдарды оқуға және бір-бірімен әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік алды.