Нұр-Сұлтанда жылы аялдамалар ашылды

0
82
Фото: astana.gov.kz

Күннің күрт суығанына байланысты павильондарды ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ауа райының суытуына байланысты Нұр-Сұлтанда жылы аялдамалар мерзімінен бұрын ашылды. Қазіргі уақытта павильондар санитарлық өңдеуден өтіп, тазартылуда.

Фото: astana.gov.kz

«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты, сондай-ақ қала тұрғындарының өтініштері бойынша жылы павильондарды ашу туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Басқарма аялдама павильондарының бұрын карантинге жабылғанын атап өтті. Басқарманың мәліметінше, елордада 1 307 аялдама бар, оның 1 010-ы павильондармен жабдықталған, 105-і жылытылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда күннің күрт суытуына байланысты жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталғаны хабарланған болатын.