Елордада өрт сөндіру-құтқару спортынан қысқы чемпионат өтеді

0
85

2021 жылғы 22-26 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндіру – құтқару спортынан ерлер арасында XXІX қысқы чемпионат, әйелдер арасында VІІ қысқы чемпионат, жастар арасында VІ қысқы чемпионат өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазақстанның барлық аймақтарынан (Астана, Алматы, Шымкент қалалары, 14 облыс) 272 қатысушы, 18 команда, сонымен қатар КТИ өз шеберліктерін көрсетеді және чемпион атағына күресетін болатын.

Өрт сөндіру-құтқару спорты – жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатынспорттың қызметтік-қолданбалы түрі.

Чемпионанттың ашылу салтанаты 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» спорт кешенінде өтеді (Бөгенбай батыр д. 4).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 26 ақпанда өткізу жоспарланған.