Қала тынысы

Иманов көшесіндегі учаске уақытша жабылды

Нұр-Сұлтанның Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Иманов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Әкімдік мәліметінше, осы жылдың 22-23 шілде аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Иманов көшесінің «Ақбұлақ» көпірінен А.Жұбанов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.

«Жолдарда кептеліс тудырмас үшін астана тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз әрі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген көлік басқармасының хабарламасында.

elorda.info

Back to top button