Елордалық өрт сөндірушілер вагондағы өртті сөндірді

0
125

Таңғы сағат 3.11-де Нұр-Сұлтан қаласы Кемеңгерұлы 9/8 көшесінде орналасқан қалпына келтіру пойызы жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, құрамында 15 адам және 3 техникасы бар елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткен. № 50 теміржолда тұрған резервтік вагондағы өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Жалынның әсерінен көрші жолдағы вагон арбаларын орналастыруға арналған платформада тұрған шынжыр табанды трактордың кабинасы да жанып кеткен.

Фото ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен

«Өрт сағат 04:22-де ауыздықталып, сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі.