«Қорқыт» этноансамблі мен Қазақстан композиторлар одағы «Аққу домбыра» онлайн концертін өткізді

0
182

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі мен Қазақстан композиторлар одағы бірлесіп, тұңғыш рет «Аққу домбыра» атты онлайн концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кеш  Қазақстан композиторлар одағының төрағасы, профессор Серікжан Әбдінұровтың алғы сөзімен ашылды. Концерт аясында қазіргі заман композиторларының шоқтығы биік шығармалары мен таңдаулы туындылары орындалып, әсем әндері шырқалды.