Елордада 22 қарашада қоғамдық көліктер жүрмейді

0
103

Жексенбі күні, 22 қарашада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Еске сала кетейік, елорда коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары аймақта». Нұр-Сұлтан қаласының ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес, қоғамдық көлік демалыс күндері жүрмейді.

Дүйсенбі күні, 23 қарашадан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды.

«Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», – делінген CTS компаниясының хабарламасында.