Елордада ПТР-тесттен кімдер тегін өтеді?

0
135
фото inform.kz
фото inform.kz

Елордада ПТР-тесттен жасау үшін бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды. Бұл  туралы Елорда Инфо «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ қалалық филиалына сілтеме жасап хабарлайды.

КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға жіберіледі. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полимеразалық тізбек реакциясы әдісімен биологиялық материалдан COVID-19 вирусын анықтау үшін диагностикалық зерттеуге 0,6 млрд теңге бөлінген. Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасалды», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазинов.

ПТР-тесттен кімдер тегін өтеді?

  • COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар;
  • ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар;
  • КВИ жұқтырғандармен жақын байланыста болған адамдар;
  • стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер;
  • тыныс алу органдарының, эндокриндік және жүрек-қан тамыр жүйелерінің аурулары бар динамикалық бақылаудағы 50 жастан асқан пациенттер;
  • шетелден келгендер;
  • коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған ІІМ қызметкерлері;
  • жүкті әйелдер, т.б.

Айта кетейік, ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде:

– байланыста болған үй карантиніндегі адамдарға;

– арнайы контингентке (респираторлық симптомдары бар және жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлеріне; эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне; қарттар үйлеріндегі, интернат және басқа мамандандырылған ұйымдардағы адамдарға);

– әскерге шақырылушыларға, т.б. өз есебінен ПТР-зерттеулер жүргізеді.