Алдағы сенбі-жексенбі күндерінде де елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі жалғасын табады

0
108

«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда осы сенбі-жексенбі күндерінде де өңірлердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, ұн, бал, көкеністер мен жемістер және күнбағыс майы сияқты табиғи таза өнімдер ұсынылады. Яғни сөрелердегі өнімдер ешқандай делдалсыз, отандық ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден тұтынушыларға тікелей әкелінеді.

Айта кетсек, жәрмеңкеге бару үшін жұртшылық медициналық бетперде тағып, барлық санитарлық талапты сақтауы тиіс.