Емханалар азаматтарды не үшін тіркелуге шақырып жатыр

0
88
фото: inbusiness.kz

Кеше Қазақстанда тұрғындарды емханаға тіркейтін компания жұмысын бастады. Алайда елордалықтардың барлығына медициналық ұйымға тіркелу мүмкін болмады. Бұл ретте №8 емхана директоры Айгүл Қасымова қала тұрғындарын тіркеуге неліктен бас тартататынын анықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде қалада 15 мемлекеттік және 19 жекеменшік медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оларға 1 млн 182 мың тұрғын тіркелген. Нұр-Сұлтан бойынша 716 учаске құрылған. Олардың әрқайсысы 1 700 адамға қызмет көрсетуге қауқарлы.

Айгүл Қасымованың сөзінше, азаматтар өздерінің қалаған емханаларына тіркеле алады. Бұл ретте медұйымның қуаттылығы мен орналасқан жерін ескерген жөн.

«Кешеден бері компания емханаға тіркеу жұмысын бастады. Әрине, еліміздегі әр азамат өз таңдауын жасауға құқылы. Бірақ әр емхананың белгілі бір қуаты болады. Егер біздің емхана 50-60 мың тұрғынға қызмет көрсетсе, бұдан да көп азамат тіркелуге ниеттенеді. Алайда бұл медициналық мекеменің жүктемесін едәуір арттырып, науқастардың өздері де сапалы көмек ала алмайды. Екіншіден, әр мекеменің белгілі бір аумағы бар», – деді бас дәрігер.

Сонымен қатар ол емханаға қаланың басқа бөлігінде тұратын азамат тіркелсе, оның үйге дәрігер шақыра алмайтынын атап өтті. Әсіресе бұл аяғы ауыр әйелдер мен диспансерлік есепте тұрған балалары бар отбасылар үшін қиын екенін айтты.

«Азаматтардың кез келген медұйымды таңдауға құқығы бар екенін айтқым келеді. Егер науқасқа біздің емханадағы дәрігер ұнамаса, онда науқасты кез келген учаскеге тіркей аламыз. Бірақ науқасқа қаланың басқа бөлігінен қызмет көрсету қиын. Сондықтан адамдарға осы жағынан емханалар тіркеуге бас тартуы мүмкін. Бас тартқанда да тіркелуге һниетті азаматтың біздің аумақта тұрмайтынын ескереміз», – деді Айгүл Қасымова.

№8 қалалық емхананың қуаты 60 мың адамға шақталған. Алайда мұнда 66 700 науқас тіркелген. Сондықтан бұл аумақта тұрған азаматтарды тіркеуге бас тартатындарын айтады мамандар.

Естеріңізге салсақ, азаматтар емханаларға электронды цифрлық қолтаңба арқылы немесе электронды үкімет порталы арқылы жүгіне алады.