Елордада құрылыс нысандарына мониторинг жүргізіліп жатыр

0
85

 

«Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ барлық құрылыс учаскелеріне қоршаулар орнатылуына және оның дизайн-кодқа сәйкестігін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Елордада қазіргі таңда 858 нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Мониторинг барысында 800 нысан белгіленген талаптарға сәйкес келетіні, ал  қалған 32 обьектіде сәйкестендіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны анықталды.

Ереже бұзған  25 нысан басшылығы жауапкершілікке тартылған.

Мониторинг қаланы абаттандыруда теріс әсерін болдырмау, қаланы ластанудан қорғау, технологиялық процесстер мен құрылыстың эстетикалық қалпын бұзбау үшін жүргізіледі. Құрылыс алаңдарының периметрі бойынша және ҚР құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес құрылыс алаңдарындағы қоршаулар биіктігі екі метрден кем емес, мырышталған, боялмаған болуы тиіс. Қала көшелері мен ғимараттарын безендіру жөніндегі талаптарды сақтау жөніндегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Айта кетейік, дизайн код – бұл стилистикалық бірыңғай, ыңғайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға болатын ережелер мен ұсыныстар жиынтығы. Құжат қалалық құрылысты жобалау мен дамытудың регламенттерін анықтайды. Бірыңғай сәулет стилінің параметрлері «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы« ҚР Заңында бекітілген.