IQALA-да кезекті онлайн брондау қызметі іске қосылды

0
51

IQALA-да кезекті онлайн брондау қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

IQala қалалық қызметтер орталығында кезекті онлайн брондауға болады. Ол үшін www.iqala.kz порталындағы «Кезекті брондау» бөліміне кіріп, ол жерде ұйымды, ЖСН/БСН немесе ұялы телефон нөмірі бойынша Орталыққа барудың ыңғайлы уақытын таңдай аласыз.

Ары қарай бронда көрсетілген уақытта iQala қалалық қызмет көрсету орталығына барып, талон алу қажет. Орталық операторы сізге қызмет көрсетуге әрдайым дайын.

Алайда, клиент орталық операторына көрсетілген уақытта жүгінбеген болса, оның кезегі автоматты түрде жойылады.

Естеріңізге сала кетейік, кезекті брондау қызметі Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан «iQala» орталығының бас кеңсесінде ғана қолжетімді.