Елордада жеке тұрғын үйлерге газ құбырын кіргізумен кімдер айналысады

0
20
Фото: Ерғали Егемберді/Facebook

Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді жеке тұрғын үйлерге газ құбырын орнатумен айналысатын компания жұмысымен танысты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Сенбі күнгі тұрғындармен тікелей эфир барысында Валерий Михайлович деген азаматтан газ жабдығын орнату жөніндегі компанияны барып көру жайлы ұсыныс түсті. Содан Қарасай батыр көшесі,2 мекенжайында орналасқан компанияға барып, жұмыстарын көрдім. “Нұр-Сұлтан газ” компаниясы жеке тұрғын үйлерге ішкі газ құбырын кіргізумен айналысады», – деп жазды Ерғали Егемберді Facebook парақшасында.

Фото: Ерғали Егемберді/Facebook