Алтай Көлгінов: Елорда «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында дамуда

0
99

Елорда «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспарының тұжырымдамасы аясында дамуда. Аудандарды дамыту білім беру, медицина объектілері, белсенді демалыс орындары және т.б. қолжетімді болуы үшін полиорталыққа ауыстырылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Тұрғын алаптарының тұрғындарымен кездесу барысында қала тұрғындары спортпен шұғылдану үшін де, бос уақытты өткізу үшін де орындар құруды сұрады. Ағымдағы жылы Өндіріс, Көктал, Үркер (Ильинка), Железнодорожный тұрғын алаптарында – ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін тұрғызамыз. Кешендерде спортпен айналысуға арналған кабинеттерден басқа (баскетбол, волейбол, үстел теннисі, тренажер залы, күрес, бокс) полиция пункттері, пошта бөлімшелері, қарт адамдарға арналған қызығушылық клубтары, ХҚКО және т.б. орналасқан”, – деді қала әкімі.

Мемлекет басшысының тұрғын үй алаптарын дамытуға, соның ішінде бұқаралық спортты насихаттауға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.

«Ол үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мысалы, өткен жылы 760 мың шаршы метрден астам аула абаттандырылды: бұл 150-ден астам аула және 60 қоғамдық кеңістік. Қаланың ескі бөлігіне, сондай-ақ бұрын қаңырап бос қалған, қараусыз қалған және батпақты жерлерге, апатты үйлер бұзылған жерлерге баса назар аударылды. Осылайша, елорда картасында жаңа тартылыс нүктелері пайда болды. Биыл оларды ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамыз”, – деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ көктемнен бастап қаланы көгалдандыруға ерекше назар аударуды жалғастыранын және мегаполисте экозон барынша көп болуы тиіс екенін атап өтті.