Қала тынысы

Елордада мамыр айындағы мерекелерде үш егіз дүниеге келді

Нұр-Сұлтанда мамыр айындағы мерекелерде 438 нәресте дүниеге келді. Олардың ішінде үш егіз бар, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада 1-3 мамыр аралығындағы мереке күндері 233 нәресте дүние есігін ашты, оның 123-і – ұл бала, 113-і – қыз бала.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні, яғни 7 және 9 мамыр күндері қалада 205 бала дүниеге келді. Бұл мерекеде кішкентай қорғаушылардың қыздарға қарағанда көбірек туғаны да мерекені айшықтай түскендей: 103 ұл және 102 қыз.

elorda.info

Back to top button