Қала тынысы

Елорда құтқарушылары волейболдан бірінші орынға ие болды

Елорда қайырымдылық қоры Қасиетті рамазан айының басталуына орай ұйымдастырған волейболдан өткен турнирде астаналық құтқарушылар топ жарды. Бұл туралы Елорда Инфо Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сайысқа волейболмен айналысатын 22 құрама команда қатысқан.

22 команданың арасынан жеңіске жетіп, І орынды Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінен құралған ТЖМ командасы иеленді. Жеңімпаз команда дипломмен және кубокпен марапатталды.

elorda.info

Back to top button