Жұбанов көшесі жартылай жабылады

0
54

 

Жұбанов көшесінің Кенесары көшесімен қиылысы бөлігінен соңына дейінгі учаскеде 11-28 тамыз аралығында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп хабарлады қалалық Көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы.