Елордада «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды

0
54

Елордада жаңа оқу жылы басталар алдында әлеуметтік осал топтағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» atamekenim.kz платформасы жұмыс жасайды, онда мұқтаж ата-аналар өтініштерін қалдыра алады. Бұл платформа мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында порталда 3 629 өтініш тіркелді, меценаттар, кәсіпкерлер кезегіне сәйкес отбасыларға көмек беруде.

«15 тамыз күні меценаттар тізім бойынша алғашқы 10 отбасына планшеттер таратады.
Осы жылдың басынан бастап акция аясында 4 203 мұқтаж оқушыға 42 миллион теңгеден астам көмек көрсетілді. Акцияға қатысқысы келетіндердің барлығына 87011876868, 87783816839 телефондары бойынша Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне хабарласуын сұраймыз», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.