Биыл «Өндіріс» тұрғын алабының 16 көшесінде жол жөнделеді

0
24
фото: Байқоңыр аудандық әкімдігі/facebook.com
фото: Байқоңыр аудандық әкімдігі/facebook.com

Биыл «Өндіріс» тұрғын алабының 16 көшесінде жол жөнделеді. Бұл туралы Елорда Инфо Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Ағымдағы жылы аудандағы тұрғын алаптарды дамытуға бағытталған жұмыстар қатары қарқынды жүргізілуде. Негізгі жұмыстардың қатарына жол жөндеу жұмыстарын жатқызуға болады. Мәселен, «Өндіріс» тұрғын алабының Ақпан, Шаған, Кеншалғын, Ақбидай, Ақшағыл, Келісай, Мусоргский көшелерінде жол жөндеу жұмыстары аяқталып, жөнделген жаңа жолдар пайдалануға берілді», деп көрсетілген хабарламада.

Жалпы биылғы жылы ‘Өндіріс’ тұрғын алабында 8 км қашықтықты құрайтын 16 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Жолдарды кешенді жөндеу жұмыстары жалғасуда.