Қала тынысы

Елордада мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдануда

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары — бұл мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары.

Ал арнайы жұмыс орындарын құру кезінде жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидиялар беріледі.

Осы ұсынысқа қызығушылық танытқан жағдайда өтінімді Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайы («Өркен» БО) бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына ұсыну қажет.

Арнайы жұмыс орындарын құру туралы қосымша ақпаратты 72-93-41, 8-775-763-07-09 телефондары арқылы алуға болады.

elorda.info

Back to top button