Сарыарқа ауданы әкімдігі биыл қай көшелердің газдандырылатынын жариялады

0
31
Д

Сарыарқа ауданы әкімдігі биыл аудандағы қай көшелерге газ тартылатынын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Құрметті «Агроқалашық» тұрғын үй алабының тұрғындары! 2020 жылы газға қосылу жайлы ақпаратпен мұқият танысуларыңызды сұраймыз. Биыл Н.Тілендиев даңғылы, Көктал көшесі, Т/Ж, Бөкеев көшесі қиылысындағы аумақты газдандыру жоспарланып отыр. Бөкеев көшесі, Әулие ата көшесі, 8 наурыз көшесі, Өрнек көшесі, Дүйсенбаев көшесі, Герцен көшесі, Жерұйық көшесі, Ойжайлау көшесі, Тамшалы көшесі, Төлеубаев тұйық көшесі, Жолаулы тұйық көшесі, Петров тұйық көшесі, Шілікті тұйық көшесі, Островский тұйық көшесі, Беляков тұйық көшесі, Атакент тұйық көшесі, К. Байсейтова көшесі, Карбышев тұйық көшесі, Жароков көшесі, Шубин көшесі, 52 өткел. Егер бұл газдандыру жоспары тізімінде көшеңіздің атауы болмаса, жылыту маусымына дайындала беріңіз», – делінген Сарыарқа ауданы әкімдігі таратқан хабарламада.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қалған көшелерді газдандыру келесі жылға жоспарланып отыр.