iQala орталығы елордалықтарға қажетті қызметтерді онлайн режимде ұсынады

0
35
фото IQala орталығы .facebook.com
фото IQala орталығы .facebook.com

Елорда тұрғындарына ыңғайлы болу үшін IQala қалалық қызметтер орталығының www.iqala.kz порталы жұмыс істейді. Порталдың арқасында үйден немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қажетті коммуналдық қызметтерді алуға болады, ол үшін пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Орталық қызметкерлері карантин кезіндегі қызмет көрсетулер бойынша мониторинг жүргізді. Оның барысында тұрғындардың көпшілігі онлайн режимінде қол жетімді ЭЦҚ, электрондық шот-фактуралар (ЭШФ) мен ЕРЦ түбіртектерін алу сияқты қызметтер үшін келетіні анықталды.

«Қазір еліміздің Үкіметі коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы барлық қажетті шараларды қабылдауда. Елорда тұрғындарынан қажетті қызметтерді онлайн режимде алуларын сұраймыз. IQala орталығының сайтында 131 қызмет түрі (жылу, су, электр, қоқыс шығару, ЕРЦ және т.б.) ұсынылған. Мысалы, «ЕРЦ түбіртегін қайта алу» қызметі толығымен автоматтандырылған, түбіртек адамның қатысуынсыз пайдаланушының жеке кабинетіне бірден келіп түседі. Сондай-ақ, электрондық шот-фактураларды https://esf.gov.kz және ЭЦҚ-ны https://egov.kz порталдарынан алуға болатындығын атап өткім келеді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ, Мемлекеттік кірістер комитеті және «Астана-ЕРЦ» ЖШС әріптестерімен ЕРЦ, ЭШФ қызметтерін/түбіртектерін және ЭЦҚ кілтін алу бойынша қадамдық нұсқаулықтар (скриншоттармен) әзірленді. Нұсқаулықтарды алу үшін «IQalakz_bot» Telegram-ботын пайдалануға болады», – деп атап өтті iQala қалалық қызметтер орталығының директоры Руслан Жумадилов.

Қызметті үйден алуға техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, Р. Қошқарбаев даңғылы 29 мекенжайында орналасқан iQala орталығына хабарласуға болады.

«Біз өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын интернетке қосылуы мен веб-камерасы бар 6 компьютерге дейін кеңейттік. Онда біздің мамандар онлайн қызмет алу бойынша кеңес береді, бірақ қажетті қызметті өз бетіңізше аласыз. Осылайша біз компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеруге және адамдарды онлайн қызметтерді пайдалануға үйретуге тырысамыз», – деп атап өтті Руслан Жумадилов.