«Көктал» және «Агрогородок» елді мекендеріндегі 33 көше жөнделеді

0
26
Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat
Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Көктал» және «Агрогородок» елді мекендеріндегі бірқатар көшелердің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды, деп деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Көктемнің басынан бастап жол жөндеу жұмыстарына кірісіп кеттік. Биыл 150 көшені жөндеу жоспарланған. Жолдар бірнеше критерийлер бойынша таңдалды:

Бірінші. Бұрын асфальт болмаған жолдарды таңдадық. Мұндай жолдардың көбі елді мекендерде орналасқан. 150 көшенің 100-і елді мекендерге тиесілі.

Екінші. Жаңа автобус бағыттарын іске қосатын көшелер мен қозғалыс қарқыны жоғары көшелер қамтылды.

Үшінші. Тұрғындармен кездесу барысында олар әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерді асфальттауды сұрады. Мектептерге, медициналық орталықтарға, балабақшаларға және т.б. апаратын жолдар тізімге енгізілді», – деп жазды А.Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat

«Бүгін кешкілік аралау барысында «Көктал» және «Агрогородок» елді мекендеріндегі бірқатар көшелердің құрылыс барысымен таныстым. Жалпы, осы екі елді мекенде 33 көшені жөндейміз. Кездесу барысында тұрғындар жарықтандыру, жылыту, кәріз мәселелері бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. Кейбір мәселелер бойынша шешім сол жерде қабылданды, қалғандары жоспарға бекітілді. Сонымен қатар, барлық аудандарда әлеуметтік нысандар, қолжетімді тұрғын үй құрылысы, жарықтандыру шамдарын орнату, аумақтарды абаттандыру, нөсер кәріздерін орнату және т.б. бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр», – деді қала әкімі.

Жылыту мәселесі газдандыру барысында шешіледі. Биылғы жылыту маусымында газға бірқатар елді мекен қосылады. Өнеркәсіптік сектор мен елді мекендерді газдандыру 3 кезеңде өтеді.