Елордадағы ұзақ уақыт салынып жатқан нысанның құрылысы қайта жанданды

0
32
Дереккөз: қала әкімдігінің ресми сайты

Алты жүзден астам үлескер өз пәтерін күтуде, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, «Жағалау-4» тобының құрылысы қайта жанданды.

Фото: Алтай Көлгінов/Instagram

«Жұмыстарды аяқтауға мемлекеттен қаражат бөлінді. Құрылыс соңғы төрт жылда тоқтап тұрған, себебі сот процесстері болды. Нысанда құрылысшылардың бірінші тобы жұмыс жасап жатыр. Мұнда 600-ден астам үлескер бар”, – деп жазды А. Көлгінов Instagram парақшасында.

Сонымен қатар қала әкімі бірқатар әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты (Е34, Е45 және Е18; Е32, Е33 және Е18 жобалық атаулары бар көшенің қиылысы).

«Құрылыс қарқынын арттыруды тапсырдым. Жұмысшылар мен техниканың санын көбейту қажет. Бастысы санитария нормаларын қатаң сақталу керек», – деді қала әкімі.