Нұр-Сұлтанда көлік қызметін жақсартуға арналған сауалнама жүргізіледі

0
37
Фото из архива Elorda Aqparat
Фото: Elorda Aqparat мұрағатынан
CTS компаниясы Нұр-Сұлтан қаласының көлік қызметін жақсартуға арналған сауалнама жүргізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді сауалнамаға қатысуға шақырамыз. Осылай Нұр-Сұлтан қаласының көлік қызметін жақсартуға өз үлесіңізді қосасыздар. Сауалнамаға қатысу арқылы сіз біздің жұмысымызды жақсарта аласыздар, сіздер берген ақпарат туындаған мәселелердің ауқымын, оның ерекшеліктерін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Сол себепті сізден біздің сұрақтарымызға жауап беруіңізді сұраймыз. Бұл сіздің бар болғаны екі минут уақытыңызды алады. Жауаптарыңызға сүйене отырып, біз қала қозғалысы үшін матрица жасай аламыз», – делінген хабарламада.
Сауалнама анонимді түрде өткізіледі және оның нәтижесі тек жалпы жиынтық түрінде пайдаланылады.
Сауалнамаға мына сілтеме бойынша қатыса аласыз.