Тұрғындарымыз сенімді қорғауда – Берік Жәкенов

0
123

Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің дайындығына жоғары баға берді, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл туралы Берік Жәкенов Facebook парақшасында жариялады.

«Есіл аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің жұмысын күшейту кезінде басқа қызметтермен қатар, олар жауапты учаскелерге де жұмылдырылды. Жоспарлы жұмылдырылған оқу жаттығуларды тексергеннен кейін қызметкерлердің дайындығын жоғары бағаладым. Тұрғындарымыз сенімді қорғауда деп айта аламын», – деп жазды Берік Жәкенов. 

Фото: Берік Жәкенов/Facebook