Елордада 6 желтоқсанда қоғамдық көліктер жүрмейді

0
229

Жексенбі күні, 6 желтоқсанда, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Дүйсенбі күні, 7 желтоқсаннан бастап автобустар қалыпты кестесіне сәйкес қайтадан қатынайды.

«Баршаңызды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз. Автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», – делінген CTS компаниясының хабарламасында.