Ж.Тәшенов жолағы бойындағы магистральды коллектор құрылысы 2021 жылдың қаңтарына дейін жалғасады

0
154

Инженерлік желілердің көп қиылысы анықталуына байланысты Ж.Тәшенов жолағының бойында магистральды нөсер кәрізі коллекторының құрылысы 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін жалғасады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Ж.Тәшенов жолағының А.Бараев көшесімен қиылысында қозғалыс тоқтатылады. Автокөліктер қозғалысы уақытша схема бойынша жабық аймақтың айналасында тиісті жол белгілерін орнату арқылы ұйымдастырылады.

«Қалада кептеліс болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне өз бағдарын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан немесе аяқталмаған жол учаскелеріне өте мұқият болу және уақытша сызба бойынша белгіленген жол белгілерін басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау керек», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Бұл учаскедегі жылдамдық 40 км/сағ-қа дейін шектелген.