Қала тынысы

Есен Байыров су тасқынының алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басшысының орынбасары Есен Байыров қалалық әкімдікте өткен онлайн брифингте елордада көктемгі су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қала аумағында су тасқыны қаупінің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында тиісті қызметтер және ұйымдар дайындық жүргізуде.

«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне су тасқыны қаупі бар 29 учаске анықталған. Өткен жылдары мұндай қауіпті орындардың саны 37 болған. 2021 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша қала аумағынан 906 286 м3 астам қар шығарылды, бұл ретте 11 полигонның ішінде толтырылған және жабылған полигон жоқ. Өткен жылы тек 2019 жылдың қарашасынан бастап 2020 жылғы 25 ақпанға дейін қала аумағынан 4 млн.м3 астам қар шығарылды, яғни 2021 жылға қарағанда 82% – ға артық», деді ол.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға арналған іс-қимыл жоспары бекітілген.

«Құрамында 663 адам және 185 бірлік техника азаматтық қорғау органдарының тобы тұрақты дайындыққа келтірілді. Сондай-ақ қаланың коммуналдық қызметі 190 адам, 138 бірлік техника, 22 бірлік ПНС жұмылдырылады», деді ол.

Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін «Астана Тазалық» ЖШС 12,6 тонна инертті материалдар қорын, 3,5 мың қаптар дайындады.2021 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша «Астана-Энергия» АҚ-ның көмір қоры 290 000 тоннадан астам қатты отынды және 6 000 тоннадан астам мазут қорын құрайды.

elorda.info

Back to top button