Қала тынысы

Нұр-Сұлтан қаласында ерекше қажеттілігі бар балаларға аспаздық өнерден мастер-класс өткізілді

Сервис және туризм колледжі базасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырды.

Аталған мастер-классқа 6-18 жас аралығындағы 10-нан астам бүлдіршін қатысты. Олар шара барысында пицца дайындау бойынша аспаздық өнерді меңгерді және іс-шара соңында өз қолдарымен жасалған тағамдармен жақындарына дәм таттырды.

elorda.info

Back to top button