Қала тынысы

Нұр-Сұлтанда «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталды

Коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу және шектеу шараларын енгізу кезеңінде кәсіпкерлік объектілерді қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Жоба келесі кәсіпкерлік нысандарында жүзеге асырылады:

1) фитнес-клубтар;

2) спа-орталықтар;

3) сауналар,байссейндер;

4) компьютерлік клубтар (18 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда);

5) боулинг клубтар.

Бүгінгі таңда Нұр-сұлтан қаласында пилоттық жобаға 35 кәсіпкерлік нысаны қатысуда.

«Осы жоба дені сау халық үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететініне назар аударғым келеді. Сондықтан денсаулық сақтау саласының қызметкерлері ретінде біз үшін бұл өте маңызды. Мониторингтік топтардың қызметкерлері бірнеше рет өзін-өзі оқшаулау және үй карантині режимін бұзу фактілеріне тап болды. Ауру немесе жақын адамдар санитарлық дәрігерлердің нұсқауларын бұзып, қоғамдық орындарға барады, осылайша вирустың таралу қаупін тудырады», – дейді С.Бейсенова.

Бұл жоба «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерге кірген кезде келушінің COVID мәртебесін білуге мүмкіндік береді және тек үйде өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын адамдарды анықтауға бағытталған. Осылайша олар басқаларға қауіп төндіреді.

Объектілерге кіру App Store және Play Market арқылы жүктеуге болатын «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Объектінің QR-кодын сканерлеп, содан кейін ЖСН енгізу керек. QR-кодтарды пайдалану және коронавирусқа арналған тесттердің жалпы базасымен интеграциялау есебінен бүгінде пилоттық жоба объектісіне келетін келушінің мәртебесін айқындайды.

elorda.info

Back to top button