00:00
Астана -10oC
USD:
473.15
EUR:
515.12
RUB:
5.4
Іздеу

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

11.07.2024 | 13:29
Олжас Сүлейменов
140
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды
Фото: дереккөз

Ханты-Мансийскіде ISPhO-2024 физикадан халықаралық ғылыми олимпиада өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Байқау нәтижесінде қазақстандық оқушылар бес жүлде, оның ішінде екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алып, 17 қатысушы елдің арасында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді.

Қазақстан құрамасының мүшелері:

Алматы қаласы РФММ-нің түлегі Марғұлан Нұрсағатов – алтын;

Алматы қаласы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Досжан Бисимби – алтын;

Астана қаласы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицейінің түлегі Әмір Пішенбаев – күміс;

Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернатының түлегі Артур Ким – күміс;

Астана қаласы РФММ-нің 9-сынып оқушысы Илияс Қазымбек қола жүлдегер атанды.

Барлық жаңалықтар