00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Іздеу

Докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды

Докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды
Фото: ашық дереккөз

11 шілдеде докторантураға түсу емтиханына қатысуға өтініш қабылдау басталды және 3 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info.

Түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді. Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болады.

Егер түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (3 тамызға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 9 тамызда қолжетімді болады.

Барлық жаңалықтар