Elorda.info

Қазақстандық 57 оқушы халықаралық екі олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Білім сайысына елімізден 157 оқушы қатысты

Қазақстандық 57 оқушы халықаралық екі олимпиаданың жүлдегерлері атанды

Алматыда математикадан Азия-Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының хабарлауынша, екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысып, 57 жүлдегер анықталды.

Бұл халықаралық олимпиадалар қашықтан ұйымдастырылды. Қатысушы елдердің ұйымдастыру комитеттері тапсырмалардың шарттарын және бағалау критерийлерін халықаралық ұйымдастыру комитетінен алып, өз елдерінде олимпиадаларды бір уақытта дербес өткізді. Бұл формат көптеген оқушылардың халықаралық жарыстарға қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндік беріп отыр, – дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.

Екі олимпиаданың қорытындысы бойынша қазақстандық жеңімпаздар Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты халықаралық олимпиадасына Аргентина, Аустралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика секілді 38 ел қатысса, «Жібек жолы» олимпиадасында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің дарынды оқушылары сынға түсті.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Білім