Президенттің барлық тапсырмаларын Үкімет мүлтіксіз орындайды деп сенемін – Серікхзат Дүйсенғазы

0
65
Фото ашық көздерден алынды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауына пікір білдірді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауын толық тыңдадым. Мемлекет басшысы ел көкейінде жүрген көптеген маңызды мәселелерге тоқталды. Әсіресе, қазіргі жағдайға байланысты Үкіметтің жұмысын жүйелі ұйымдастыру, саяси-экономикалық ахуалды жақсарту, қаржы жүйесін, ауылшаруашылықты, шағын және орта бизнесті, құқық қорғау саласын дамытуға байланысты нақты тапсырмалар берді. Әсіресе, қазіргі халықтың көкейінде жүрген шетелдіктерге жер сатпау туралы мәселенің нүктесін қойды. Ғылым-білім саласын дамыту бойынша да Үкіметке бірқатар тапсырмалар берді. Мәселен, бес жүз ғалымның шетелдік тағылымдамадан өтуі, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін көтеру үшін мың грант бөлу, тағы сол сияқты маңызды бастамалары еліміздегі ғылым саласының дамуына ықпал етеді деп сенемін. Педагогтардың жалақысын 25 пайызға көтеру, мектепке дейінгі балалардың балабақша мәселесін 100 пайызға шешу сияқты тапсырмалары көңілден шықты. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін субсидия беру, салық жүйесін реттеу, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың баспаналы болуы үшін зейнетақы қорының бір бөлігін пайдалануды жүзеге асыру сияқты Жолдауда айтылған халыққа қажетті тапсырмаларын толықтай қолдаймын. Президенттің айтқан барлық тапсырмаларын Үкіметіміз мүлтіксіз орындайды деп сенемін», – деді Серікзат Дүйсенғазы.